Жаңалықтар

Төтеншеліктер мал іздеуге шығып, хабарсыз кеткен ер адамды тікұшақпен іздеп жатыр

Төтеншеліктер мал іздеуге шығып, хабарсыз кеткен ер адамды тікұшақпен іздеп жатыр
Фото: Қарағанды облыстық ТЖД 17.02.2024 15:10 740

Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері хабарсыз кеткен тұрғынды тікұшақпен іздеп жатыр. Ер адам мал іздеуге шығып, адасып қалған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін таңғы уақыттан бастап ер адамның туысқандарының, полиция бөлімінің және жергілікті тұрғындар мен ТЖД қызметкерлері "Астана Кантри Плюс" қыстағынан Бестамақ ауылына қарай батыс бағытта іздеу жұмыстарын жалғастыруда.

Сағат 9.00-ден бастап іздеу жұмыстарына  "Қазавиақұтқару" МИ-8 тікұшағы тартылды.

Сағат 12:05-тен бастап Трэкольде және қарда жүретін көліктің болжамды іздері бойынша Бестамақ жеріне қарай солтүстік бағытта іздеу жүргізілуде.

Еске салсақ, 14 ақпанда ер адам қарда жүретін көлікпен мал іздеп, адасып қалған. Оны іздестіру жұмыстары жалғасуда.

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға