Төтенше жағдайлар вице-министрі Жетісу облысына барды
25.03.2024 17:18
Фото:
ТЖМ баспасөз қызметі
Жетісу облысына барған төтенше жағдайлар вице-министрі генерал-майор Ерлан Нұрпейісов Қорғас-1, Қорғас-2 жобасы селден қорғау құрылысының құрылыс алаңдарын аралады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сондай-ақ, Балпық би ауылындағы өрт сөндіру депосының жаңа салынып жатқан ғимараттарын, Жетісу облысы ТЖД әкімшілік ғимаратын және гарнизонның басқа да бөлімшелерінде болды.
Кице-министр Панфилов, Кербұлақ, Көксу аудандары мен Талдықорған қаласының гарнизондары құтқарушыларының күнделікті өмірімен, материалдық-техникалық базасымен де танысты.
Сапар соңында ТЖ вице-министрі өңірдің және оның азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, материалдық-техникалық базаны жақсарту бойынша одан әрі жұмыс жүргізу үшін нақты тапсырмалар берді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

