Жаңалықтар

Төтенше жағдайлар қызметі елордалықтарға ескерту жариялады

Төтенше жағдайлар қызметі елордалықтарға ескерту жариялады
Фото: ©El.kz/Мәди ЫСҚАҚОВ 29.12.2023 17:04 789

Ауа райының күрт нашарлауына, атап айтқанда, бұрқасын, қар жаууы және желдің жылдамдығы 28 м/с жетуіне байланысты Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарына қала сыртына шығудан бас тартуды және сақ болуға шақырады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астана қалалық әкімдігінің мәліметінше, ауа райының өзгеруі және енгізілген шектеулер туралы барлық ақпаратты бақылауда ұстауды ұсынады.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 29-31 желтоқсан аралығында Астанада қалың қар жауып, жел күшейіп, бұрқасын күтіледі.

Дауылды желдер кезеңінде бірінші кезекте электр желілері мен жабдықтарының, тұрғын үйлердегі жылыту пештерінің жай-күйін тексеру, ішкі және сыртқы өртке қарсы су құбырының, телефон байланысының жарамдылығын қамтамасыз ету, өртке қарсы дайындық жұмыстарын жүргізу қажет. Пәтерде сіз жоқта кенеттен электр тогы қосылған кезде өрт болмас үшін барлық электр құрылғыларының қуатын өшіріп, барлық ток көздерін ажаратып кетіңіз. Сондай-ақ жеке көліктерді ағаштар мен тозығы жеткен ғимараттардан алыс жерлерге қойыңыз. Пәтердегі барлық терезелерді мықтап жабу ұсынылады. Сыртта қатты желде қалып қалсаңыз, құтқарушылар қауіпсіз жерлерді паналауға кеңес береді. Елорда тұрғындары мен қонақтарынан дауылды ескерту кезінде жолда сақ болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, ұзақ сапарға шықпауды сұраймыз, - делінген мәліметте.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға