Жаңалықтар

Төтенше жағдайлар министрлігінде Ғылыми-техникалық кеңестің басқосуы ұйымдастырылды

Төтенше жағдайлар министрлігінде Ғылыми-техникалық кеңестің басқосуы ұйымдастырылды
Фото: ТЖД-нің баспасөз қызметі 11.11.2023 00:22 714

Төтенше жағдайлар вице-министрі Мереке Пішембаевтың төрағалығымен Төтенше жағдайлар министрлігі Ғылыми-техникалық кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ТЖМ қарамағындағы ғалымдар мен ғылыми ұйым өкілдерінің қатысуымен өткен отырыс "дөңгелек үстел" форматында ұйымдастырылды. Басқосуда өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Елухан Баймулдиновтың комитет қызметін дамыту және жетілдіру мәселесі бойынша баяндамасы тыңдалды.

Бұдан бөлек, "Сейсмология институты" ЖШС өкілдерінің баяндамалары талқыланып, олардың 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру шеңберінде төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы ғылыми-техникалық тапсырмалар мәселелерін пысықтауға арналған жоспары туралы әңгіме қозғалды. 

Ғылыми-техникалық кеңес отырысының қорытындысы бойынша ТЖ саласындағы ғылыми қызметті одан әрі дамыту жөніндегі міндеттер мен іс-шаралар қабылданды және нақты белгіленіп отыр. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға