Төтенше жағдайлар министрлігі көктемге орай ескерту жариялады
05.03.2025 22:12
Фото:
ТЖМ баспасөз қызметі
Төтенше жағдайлар министрлігі көктемде күннің жылынуы кезінде шатырлардан қар түсіп, мұздың құлау қаупіне қатысты ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ғимараттардың шатырынан қардың түсу қаупі төнген кездегі негізгі ұсынымдар мен сақтық шаралары:
қар түсуі мүмкін үйлердің шатырына жақындамаңыз, мұндай жерлерде балалардың болуына жол бермеңіз;
көліктерді карниздерінде мұз қатқан және қар тұрған құрылыстарға жақын қалдырмаңыз;
қауіпті жердің қоршауы болған кезде қоршаудан өтіп кетпеңіз, қауіпті жерлерді басқа жолмен айналып өтіңіз;
құлаққаптарды қолдаңбаңыз, төбеден құлап жатқан қардың шуын естімейсіз.
Назар аударыңыз! Егер табанжолмен жүріп бара жатқанда сіз төбеде күмәнді шу естіген болсаңыз - тоқтамаңыз. Бәлкім, бұл қардың немесе мұздың құлауы болар. Ғимараттан қашуға да болмайды. Тезірек ғимараттың қабырғасына жақындап тұрыңыз, шатырдың күнқағары бүркеме қызметін атқарады, - деп жазылған хабарламада.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

