ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігі ата-аналарға үндеу жасады

Құтқарушылар ашық тұрған терезе бойынша ата-аналарға қауіпсіздік бойынша ескерту жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құтқарушылары ашық терезе сіздің балаңыз үшін қауіпті екенін еске салады.

ТЖМ мынандай ескерту жариялады:

  • кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
  • кішкентай бала терезенің алдына шыға алмау үшін жиһаздың барлық түрін терезенің жанынан алып тастаңыз;
  • москит торына сенбеңіз! Олар құлаудан қорғауға арналмаған;
  • балаға терезені бірнеше сантиметрден артық ашуға мүмкіндік бермейтін арнайы бекіткіштерді қойыңыз;
  • ашық терезенің жанындағы қауіп туралы балаларыңызға түсіндіріңіз;
  • егер бекіткіш құрылғы орнату мүмкіндігі болмаса, терезенің тұтқасын алып тастап, оны тек қажет болған жағдайда орнатыңыз.