Жаңалықтар

Төтенше жағдайлар министрі Қостанай облысына барды

Төтенше жағдайлар министрі Қостанай облысына барды
Фото: ТЖМ 06.04.2024 15:00 721

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектеновтың тапсырмасы бойынша Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Арынов таңертең Қостанай облысына барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Міндеті - су тасқыны жағдайын тұрақтандыру бойынша жұмысты үйлестіру. Кеше Тобыл өзені деңгейінің қарқынды көтерілуіне байланысты Тобыл және Қостанай қалаларының елді мекендерін су басу қаупі туындады.

Жұмыс сапары барысында ведомство басшысы облыс әкімі Құмар Ақсақаловпен бірлесіп эвакуациялық пункттерді, су басқан аула учаскелерін және Қостанай ауданындағы корей көпіріндегі бөгеттерді аралады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға