Жаңалықтар

Төтенше жағдай: Қостанайда 7 адам үйінді астында қалды

Төтенше жағдай: Қостанайда 7 адам үйінді астында қалды
Фото: ТЖД баспасөз қызметі 11.12.2023 13:43 1543

Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі бір қабатты ғимарат құлағанын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

11 желтоқсанда сағат 12:36 - да Қостанайда, Амангелді тұрғын алабында, Энергетиктер көшесі, 1, аумақта бұрын ыстық сумен жабдықтауда жарылыс болып, салдарынан бір қабатты ғимарат толық құлап, үйінділердің астында 7-ге жуық адам қалған, - делінген ТЖД ақпаратында.

Үй газ-ауа қоспасының жарылысынан кейін қирағаны белгілі болды. Облыс әкімі оқиға орнында жүр, арнайы штаб құрылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға