Төртінші финал: Абылайхан Жүсіпов жартылай финалдан сүрінбей өтті
12.12.2025 00:15
Фото:
ҚР ҰОК
Қазақстан құрамасының боксшысы Абылайхан Жүсіпов Дубайда өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына жолдама алды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
71 келі салмақ дәрежесіндегі жартылай финалда тәжірибелі қазақстандық боксшы қырғызстандық Ихтият Нишановпен кездесіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті – 5:0. Азия чемпионы әрі әлем чемпионаттарының үш дүркін қола жүлдегері бұл жетістігімен финалға өткен басқа да қазақстандықтар – Сәкен Бибосынов (54 кг), Оразбек Асылқұлов (57 кг) және Сабыржан Аққалықов (75 кг) қатарына қосылды.
IBA әлем чемпионаты 13 желтоқсанда өз мәресіне жетеді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

