Төртінші алтын: Айбек Оралбай Азия чемпионатының жеңімпазы атанды
Мөлдір Қайнар тілші
11.12.2024 16:31
Фото:
Қазақстан бокс федерациясы
Қазақстандық боксшы Айбек Оралбай Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
+92 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен Айбек Оралбай финалда қытайлық Абудурешити Ремуламен кездесу өткізді. Нәтижесінде Айбек Оралбай Қытай боксшысын төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңді.
Бұған дейін Махмұд Сабырхан, Бекзат Нұрдәулетов, Сағындық Тоғамбай алтын медаль еншілеген еді.

