Жаңалықтар

Төрт жылға сотталған Байжанов әлі түрмеге түспеген

Төрт жылға сотталған Байжанов әлі түрмеге түспеген
Фото: Жоғарғы сот 24.07.2024 18:20 1133

Азаматтық некедегі әйелін өлтіргені үшін сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісін жасырып, төрт жылға сотталған Бақытжан Байжанов әлі Астана қаласының тергеу изоляторында отыр,  деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қылмыстық атқару жүйесінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Байжановқа сот үкімімен орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеу тағайындалды.

Қазіргі таңда ол Астана қаласының тергеу изоляторында. Сонымен қатар, қылмыстық-атқару кодексінің 88-бабына сәйкес сотталғандар тіркеуге сәйкес жазасын өтеу орындарына жіберіледі, - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

ҚР ҚИК-нің 93-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етілмейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға