Төрт өңірде тұман түсуіне байланысты ескерту жанияланды
EL.KZ Информационно-познавательный портал
29.01.2023 18:10
Фото:
wallhere.com
Қазгидромет мамандары 4 өңірде тұман түсуіне байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап.
30 қаңтарда түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында тұман күтіледі.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады.
Қызылорда облысының солтүстігінде тұман күтіледі.
Түркістан облысының оңтүстігінде тұман түседі.

