Жаңалықтар

Төрт облыста ауа райына байланысты 400 адам пойызбен тасымалданды

Төрт облыста ауа райына байланысты 400 адам пойызбен тасымалданды
Фото: instagram.com/jolaushylar_tasymaly 04.01.2025 03:36 458

Еліміздің төрт облысы аумағындағы тас жолдардың жабылуына байланысты 400 адам жолаушылар пойызымен тасымалданды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Аталған жағдай туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Тас жолдардың уақытша жабылуы және басқа көлік түрлерінің қозғалысы шектелуі жағдайында пойыздар ең сенімді әрі қауіпсіз көлік құралы болып саналады. Бүгін Сарыбель, Екібастұз, Ерейментау және Бурабай курорты станцияларынан Ұлттық тасымалдаушының пойыздарымен шамамен 400 жолаушы тасымалданды. Тасымалдау жұмыстары жалғасып жатыр. Ұлттық тасымалдаушы азаматтарды қауіпсіздік шараларын қатаң сақтап, аса қажеттілік болмаған жағдайда ұзақ сапарлардан бас тартуға шақырады, деп жазылған «Жолаушылар тасымалы» АҚ хабарламасында

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға