Жаңалықтар

Төрт ГӨЗ салу тауарлық және сұйытылған газ өндірісін ұлғайтуға мүмкіндік береді - Cкляр

Төрт ГӨЗ салу тауарлық және сұйытылған газ өндірісін ұлғайтуға мүмкіндік береді - Cкляр
Фото: © Freepik.com 08.10.2024 12:30 353

Бүгінгі таңда 12 млн-нан астам адам немесе ел халқының 60%-ы газға қол жеткізе алады. Жыл соңына дейін тағы 300 мыңнан астам адам қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Үкіметтегі брифингте премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мәлімдеді.

Оның айтуынша, биыл бөлінген қаражатқа 1,7 мың шақырымнан астам газ желілері салынып, жаңғыртылады. Осы жылдың тамыз айында премьер-министр «Талдықорған – Үшарал» магистральдық газ құбырының құрылысын бастауға тапсырма берді. «Ақтөбе – Қостанай» газ құбырларын және «Бейнеу – Бозой – Шымкент» екінші желісін іске асыру бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде. Ресурстық базаны кеңейту мақсатында өткен жылы Анабай, Шығыс Өріктау, Рожковское кен орындары пайдалануға берілді.

2025-2030 жылдары тағы 7 жобаны іске қосу жоспарланған. Қашаған, Қарашығанақ кен орындарында және Жаңаөзен қаласында төрт ГӨЗ салу тауарлық және сұйытылған газ өндірісін ұлғайтуға мүмкіндік береді, — деп атап өтті бірінші вице-премьер.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға