ҚР ҰОК

Төрехан Сабырхан ересектер арасындағы алғашқы әлем біріншілігінде чемпион атанды

14.09.2025 23:54

Қазақстандық былғары қолғап шебері Төрехан Сабырхан Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем біріншілігінде алтын медальға ие болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Отандасымыз 70 келіге дейінгі салмақта үздік атанды. 

Төрехан ақтық жекпе-жегінде жапониялық Сэвон Окадзавамен қолғап түйістірді. 

Жекпе-жек тең дәрежеде өтті. Дегенмен Төрехан Сабырхан үшінші раундта қарсыласынан айласын асырып, жеңісті суырып алды.

Осылайша, 19 жастағы Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін) алғаш рет ересектер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.