Төрехан Сабырхан әлем чемпионатында қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді
06.09.2025 20:46
Фото:
Olympic.kz
Қазақстан құрамасының боксшысы Төрехан Сабырхан Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан ересектер арасындағы әлем чемпионатында алғашқы жекпе-жегін жеңіспен бастады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Отандасымыз 70 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп жатыр.
Төрехан үшін алғашқы дебюттік кездесу оңайға соққан жоқ. Ол алжирлік Эсуф Яиче лайықты қарсылық танытып, айқасты шиеленістіре түсті. Дегенмен, үшінші раундта Төрехан екі мәрте қарсыласын нокдаунға жіберді.
Осылайша қазақстандық боксшы 3:2 есебімен төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жетті.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

