ҰОК баспасөз қызметі

Төрехан Сабырхан ағылшын боксшысын жеңіп финалға жолдама алды

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының өкілі Төрехан Сабырхан Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына жолдама алды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Отандасымыз 70 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Одел Камарамен (Англия) өзара мықтыны анықтады. Бірінші раунд қарсыластың пайдасына аяқталды. Дегенмен отандасымыз екінші және үшінші кезеңде басымдық танытып, жеңісті суырып алды.

Осылайша, 19 жастағы Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін) алғаш рет ересектер арасындағы әлем біріншілігінде финалға өтті.

Бұған дейін Санжар Тәшкенбай (50 кг) мен Назым Қызайбай күндізгі сессияда шаршы алаңға шығып, финалға өтті. Сондай-ақ, кеше түнде Айбек Оралбай мен Аида Әбікеева да жартылай финалда жеңіске жетті. Сондай-ақ, 55 келіде Махмұд Сабырхан мен 51 келіде Алуа Балқыбекова жартылай финалда басымдық танытып, финалға жолдама алды.