Жаңалықтар

Төреғали Төреәлі 25 мың адамды 10 сағат бойы күттіріп қойды

Төреғали Төреәлі 25 мың адамды 10 сағат бойы күттіріп қойды
Фото: instagram.com/toregalitoreali 24.07.2024 13:22 7020

Танымал әнші Төреғали Төреәліні Ақсуатта 25 мың адам концерт алаңында он сағат бойы тік тұрып күткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. 

Мен Алматыдамын. Алматыға келе сала жұмыстарды бастап кеттік, әзірге Ақсуаттағы концерттегі қызықтарды бөлісейін. Халқым мені, мен халқымды сағынып қалыппыз. Аллам абыройдан айырмасын, – деп жазды әнші. 

Десе де, өнер иесі халықты біршама күттіріп қойған.

Төреш ағаны 10 сағат бойы тік тұрып күтіп тұрдық. 25 мың адам 20.00-ден бастап күтті. Осындай керемет эмоция сыйлаған жандарға мың алғыс, – деген тыңдарманының пікірі де желіде жарияланды. 

Айта кетейік, үш күннен бері Ақсуатта дүбірлі той өтіп жатыр. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға