Жаңалықтар

«Төреғали, Қайрат ағалар келіп ән айтса екен». Ауылда тұратын кішкентай қыз арманын айтты

«Төреғали, Қайрат ағалар келіп ән айтса екен». Ауылда тұратын кішкентай қыз арманын айтты
Фото: Коллаж El.kz 24.01.2024 10:30 1314

Батыс Қазақстан облысы Бисен ауылында жаңа мәдениет үйі бой көтерді. Қуанышты жаңалықты жеткізген кішкентай қыз арманы туралы айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бейнежазбада мәдениет үйінің ашылуын асыға күткен балақай Қайрат Нұртас, Төреғали Төреәлі сынды әншілердің өнерін тамашалағысы келетінін жеткізді.

Өте әдемі, зәулім, Маған бұрынғы мәдениет үйі ұнамайтын. Ол кішкентай әрі ескі еді. Ағаларымыз қалған жұмыстарын бітірейін деп жатыр. Бір-екі күнде осы мәдениет үйіміз де бітеді. Сосын Төреғали, Қайрат Нұртас ағаларымыз келіп, ән айта екен. Мен солай армандаймын, - дейді кішкентай қыз.

Ал желі қолданушылары Мәдениет үйінің соғылғанына қуанып жүрген қызға тілектерін жазды.

«Жаным сол, ағаларың шақыртуды естісе барады ғой», «Қайрат, Төреш, қайдасыңдар. Балақайдың арманын орындасаңдар», «Балапан ауылының жаңалығын бөлісіп жатыр», «Ағалары естісе барады», «Арманың орындалсын», - деп жазып жатыр желі қолданушылары.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от 24KZ (@24kz_tv)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға