Жаңалықтар

«Тоқтатайық»: Жазира Байырбекова оқырмандарына үндеу жасады

«Тоқтатайық»: Жазира Байырбекова оқырмандарына үндеу жасады
Фото: іnstagram.com/zhazira_bairbekova 09.10.2024 13:41 1993

Танымал әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желі арқылы үндеу жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол көпшілікті түнгі он екіде туған күнмен құттықтауды тоқтатуға шақырды. 

Құрметті оқырмандар, түнгі 12:00-де арнайы барып туған күнмен құтықтағанды сіз болып, біз болып тоқтатайық. Достар, туыстар, сыныптастар арасындағы чаттарға да жіберіңіз. Бұл нәрсе ешкімге ыңғайлы емес. Ұйықтар уақытта ешкімге ұнайды деп те ойламаймын. Жәй ғана инстадан көріп, еліктеу арқылы әдетке айналған болу керек. Әсіресе жасөспірімдер үшін түнде жүру қауіпті. Келісетіндеріңіз келісемін деп жаза өтіңіздер, - деп жазды ол.

«Дұрыс айтасыз, сіздер сияқты ел алдында жүрген жандар бастама көтергені жақсы. Басқалардың да құлағына жетсе екен», «Біздің отбасыда мұндай жоқ», «Келісемін, жеті түнде ешкімнің мазасын алмаған дұрыс», «Тоқтату керек, қазаққа тән нәрсе емес», - деп жазды желі қолданушылары.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға