Тоқаевтың шақыруымен Гвинея президенті Астанаға келеді
Ақмарал Ағзамқызы El.kz тілшісі
17.12.2024 16:12
Фото:
AFP/VOV
18 желтоқсан күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Гвинея-Бисау Президенті Умару Сисоку Эмбало Астанаға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жоғары деңгейде өтетін келіссөздер барысында Қазақстан мен Гвинея-Бисау арасындағы саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық перспективасы талқыланады.

