Тоқаев Жоғарғы Соттың жаңа төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
08.12.2022 19:01
1243
Президент жаңадан сайланған Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады, деп хабаралйды El.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
Мемлекет басшысы Жоғарғы Соттың жаңа төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады. Кездесу барысында сот жүйесін дамыту мәселелері талқыланды.
Жоғарғы Сот төрағасы заң үстемдігін қамтамасыз ету және азаматтардың судьяларға сенімін арттыру үшін сот жүйесін жетілдірудің концептуалды бағыттарына қатысты өз көзқарасын білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев сот төрелігінің сапасын одан әрі жақсарту және Қазақстан халқына Жолдауында сот жүйесін жаңғыртуға қатысты айтылған бастамаларды тиімді жүзеге асыру қажеттігін атап өтті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Екібастұзда төтенше жағдай режимі алынды
Келесі жаңалық
Түркістанда ауыл мұғалімдеріне Дубайға жолдама берілді