Жаңалықтар

Тоқаев зардап шеккен өңірлердің біріне жұмыс сапарымен барады

Тоқаев зардап шеккен өңірлердің біріне жұмыс сапарымен барады
Фото: t.me/aqorda_resmi 02.04.2024 11:24 632

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынынан зардап шеккен облыстардың біріне барып, халықпен кездеседі. Бұл туралы ҚР президентінің кеңесшісі – президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 4 сәуір күні су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің біріне жұмыс сапарымен барады. Сапар туралы қосымша ақпарат кейінірек хабарланады, - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы шараларды үйлестіру  және қарғын су жүру кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың отырысын өткізген еді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға