Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкекте өткен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы (ҰҚШҰ) Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шағын құрамдағы отырысына қатысып, ұйымға мүше мемлекеттердің жетекшілерімен бірқатар маңызды мәселелерді талқылады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жиынға Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин және Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон да келді. Саммит барысында тараптар халықаралық ахуалдағы өзгерістер мен өңірлік қауіпсіздікке ықпал ететін негізгі факторларға тоқталып, оларды шешудің ықтимал жолдарын қарастырды.
Көшбасшылар бірлескен қауіпсіздік жүйесін нығайту, қорғаныс саласындағы өзара іс-қимылды жетілдіру және аймақтық тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында пікір алмасып, алдағы кезеңге арналған басымдықтарды белгіледі. Отырыс конструктивті рухта өтіп, ҰҚШҰ шеңберіндегі серіктестікті одан әрі тереңдетуге мүмкіндік берді.

