Жаңалықтар

Тоқаев Үндістанның премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады

Тоқаев Үндістанның премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады
Фото: Ақорда 10.06.2024 20:00 1258

Мемлекет басшысы Үндістанның премьер-министрі Нарендра Модиге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нарендра Модиді Үндістан Республикасының премьер-министрі болып қайта сайлануымен құттықтады.

Мемлекет басшысы осындай аса жоғары лауазымға қайта сайлану Нарендра Модидің көреген саясатына деген Үндістан халқының берік сенімі мен қолдауының дәлелі екенін атап өтті.

Сіздің дана басшылығыңызбен Үндістан экономикасы ең жылдам дамып келе жатқан елдердің бірі ретінде өзінің таңқаларлық жолын жалғастырып, жаңа жетістіктерге жететініне сенімдімін. Қазақстан Үндістанмен арадағы ұзақ жылғы стратегиялық серіктестікті жоғары бағалайды. Екі ел ынтымақтастығы халықтарымыздың берік достығына, ортақ құндылықтарға және тығыз қарым-қатынасқа негізделген, – деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Нарендра Модидің барлық игі бастамасына табыс, ал достас Үндістан халқына бақ-береке тіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға