Жаңалықтар

Тоқаев Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қызметіне тапсырма берді

Тоқаев Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қызметіне тапсырма берді
Фото: t.me/aqorda_resmi 12.09.2023 19:09 2400

Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың отандық бизнес өкілдерімен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz  ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қолдау шараларына ие болғандардың бірыңғай ашық реестрін құру мәселесін пысықтау қажет. Бұл бірыңғай ақпараттық жүйеде барлық мәлімет жинақталады. Бұл кәсіпорындардың аз бөлігіне ғана қаржының шамадан тыс бөлінуін болдырмауға, сондай-ақ мемлекеттік көмектің тиімділігін объективті әрі жедел бағалауға мүмкіндік береді, - деді Тоқаев.

Оның айтуынша, қолдау шараларының тиімділігін төленген салық көлемін ұлғайту, жаңа сапалы жұмыс орындарын ашу және өнімнің ел ішіндегі құндылығын арттыру, экспорттық әлеуетті дамыту негізінде бағалау қажет.

Мемлекеттік қолдау шараларын автоматтандыру және оның тиімділігін бағалаудың шынайылығын қамтамасыз ету үшін Үкімет цифрлық технологияларды белсенді түрде енгізіп, шешім қабылдау процестерін автоматтандыруы қажет. Қорыта келе, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қызметіне қатысты мәселелерге арнайы тоқталғым келеді. Оның негізгі міндеті – бизнес пен мемлекет арасындағы тиімді диалогтың негізгі өзегі болу. Палатаны трансформациялау, оны корпоративтік басқару сапасын айтарлықтай арттыру қажет, - деді президент. 

Оның айтуынша, Палата кәсіпкерлердің ортақ пікірін толық жеткізіп, әлеуметтік-экономикалық реформаларды ілгерілететін ұйым болуға тиіс

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға