Ақорда

Тоқаев Түрікменстанның сауда-өнеркәсіп палатасының ғимаратына барды

11.10.2024 11:07

Мемлекет басшысы «Дәуірлер мен өркениеттер байланысы – бейбітшілік пен дамудың негізі» атты халықаралық форумға қатысу үшін Түрікменстанның сауда-өнеркәсіп палатасы ғимаратына барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қасым-Жомарт Тоқаевты Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов қарсы алды.

10 қазан күні Қасым-Жомарт Тоқаев Ашхабатқа барғанын, онда Абай Құнанбайұлының ескерткішінің ашылу салтанатына қатысып, сонан соң ел президентімен келіссөздер жүргізгені туралы жазғанбыз.