Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
25.12.2024 16:36
478
Санкт-Петербург қаласына жұмыс сапарымен келген Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шараға Ресей президенті Владимир Путин, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қатысты.
Кездесу барысында ТМД аясындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективасы және Ұйым қызметінің басым бағыттары талқыланды.

Алдыңғы жаңалық
Ұшақ апаты: Грозный тұрғыны інісінің тірі екенін әлеуметтік желідегі видеодан көрген
Келесі жаңалық
Оққа ұшқан Руслан Берденов есін жиды