Тоқаев Солтүстік Македония президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
17.03.2025 15:48
410
Мемлекет басшысы Солтүстік Македония Республикасының президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Кочани қаласында болған өрттен көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өз атынан Солтүстік Македония президенті Гордана Силяновска-Давковаға және жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл айтып, жарақат алған азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
