Жаңалықтар

Тоқаев Ресей мемлекеттік думасының төрағасы Вячеслав Володинді қабылдады

Тоқаев Ресей мемлекеттік думасының төрағасы Вячеслав Володинді қабылдады
Фото: Ақорда 03.06.2024 14:07 480

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің отырысына қатысу үшін келген Ресей Мемлекеттік думасының Төрағасы Вячеслав Володинді қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.Тоқаев Ресей мемлекеттік думасының төрағасы Вячеслав Володинді қабылдады

Кездесу барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы көпжақты стратегиялық серіктестік пен одақтастықты нығайту перспективалары талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Вячеслав Володин сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері және Еуразиялық интеграцияның келешегі жөнінде пікір алмасты.Тоқаев Ресей мемлекеттік думасының төрағасы Вячеслав Володинді қабылдады

Президент мемлекеттер арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты нығайту ісінде заң шығару органдары маңызды рөл атқаратынын айрықша атап өтті.✅Тоқаев Ресей мемлекеттік думасының төрағасы Вячеслав Володинді қабылдады

Қасым-Жомарт көпжақты ынтымақтастық аясында парламентаралық байланыстарды одан әрі дамытуға және бауырлас Қазақстан мен Ресей халықтарының мүддесі мен игілігі үшін екіжақты серіктестікті барынша кеңейтуге шақырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға