Жаңалықтар

Тоқаев қоғам қайраткері Анар Жайылғанованың отбасына көңіл айтты

Тоқаев қоғам қайраткері Анар Жайылғанованың отбасына көңіл айтты
Фото: parlam.kz 13.02.2024 10:37 823

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет және қоғам қайраткері Анар Жайылғанованың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет және қоғам қайраткері Анар Нұралықызы Жайылғанованың дүниеден өтуіне байланысты отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Анар Нұралықызы еселі еңбек етіп, еліміздің өркендеуіне бар күш-жігерін жұмсады. Көптеген игі іске атсалысып, өзін білікті маман ретінде көрсете білді. Нағыз мемлекеттік қызметшіге тән қалпымен абыройлы қызмет атқарған Анар Нұралықызының есімі мен бейнесі ұмытылмайды. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын, – деп жазылған жеделхатта.

Айта кетейік, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің экс-төрағасы өмірден өтті. 

Анар Жайылғанова 1969 жылы 10 шілдеде Семей қаласында дүниеге келген. Ол ұзақ жылдар бойы сот саласында, әділет министрлігінде еңбек етіп, кейін Конституциялық кеңестің мүшесі болды. Ал 2018-2019 жылдары Мәжіліс депутаттығына сайланып, 2019-2022 жылдар аралығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің төрағасы лауазымын атқарды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға