Тоқаев Қазақстанның Беларусьтегі жаңа елшісін қабылдады
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
04.06.2024 17:50
447
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Беларусьтегі жаңадан тағайындалған елшісі, ТМД Жарғылық органдары жанындағы Тұрақты өкіл Тимур Жақсылықовты қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әңгімелесу барысында Мемлекет басшысы қазақ-беларусь стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту маңызды екенін айтты.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тимур Жақсылықовқа Қазақстан мен Беларусь Республикасы арасындағы көп жақты ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ ТМД-ның жарғылық органдарымен ықпалдастықты ілгерілету жөнінде бірқатар міндет жүктеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мемлекеттік құпияларды жария еткен қызметкер сотталды
Келесі жаңалық
Қырғызстанда жеңіл есірткі түрлерін заңдастыру ұсынылды