Ақорда

Тоқаев: Қазақстан мен Малайзия ынтымақтастығы нығая береді

Президент Малайзия Премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ануар Ибрагим мен оның отандастарын Малайзияның Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Малайзия арасындағы өзара түсіністік пен ортақ құндылықтарға негізделген қарым-қатынастың одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ануар Ибрагимнің аса жауапты қызметіне табыс, ал Малайзия халқына құт-береке тіледі.