Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық домбыра күніне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Дәстүрлі түрде жыл сайын ерекше маңыз беріліп келе жатқан айтулы күнге орай Мемлекет басшысы өзінің жүрекжарды лебізін жеткізіп, домбыраның ұлттық символына айналғанына айрықша тоқталды.
Баршаңызды Ұлттық домбыра күнімен құттықтаймын! Көне дәуірден жеткен бұл аспап халқымыздың болмыс-бітімін, салт-дәстүрі мен мәдениетін айшықтайды. Рухымызды көтеріп, мерейімізді өсірген домбыра асыл мұрамызға, ұлттың символына айналды. Біз оны жан-жақты дәріптей береміз, - деп жазды Мемлекет басшысы.

27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

