Жаңалықтар

Тоқаев Қарағанды облысының әкіміне сөгіс берді

Тоқаев Қарағанды облысының әкіміне сөгіс берді
Фото: t.me/KZgovernment 01.11.2024 10:11 283

Қасым-Жомарт Тоқаев жылыту маусымына дайындық жұмыстарын бақылау жасамағаны үшін Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекбаевқа сөгіс берді. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін Саран қаласында жылудың уақытылы берілмеуіне қатысты  қала әкімі Еркін Баулықов қызметінен босатылған. Сондай-ақ Қарағанды облысы әкімінің орынбасары мен энергетика басқармасының басшысы жазаланды.

Ал премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр қала тұрғындарының жылусыз қалғанына әкімдік кінәлі екенін айтқан.

Әкімдіктің қателігі – олар резервке мән бермеген, тамыз айында сынақтан өтіп, республикалық бюджеттен 9 млрд теңге бөлінген жаңа қазандық бірден іске қосылады деп үміттенген. Олар резервті сақтауы керек еді, - деп қорытындылады Роман Скляр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға