Тоқаев Португалия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Мөлдір Қайнар тілші
10.06.2025 15:04
Фото:
Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Марселу Нуну Дуарте Ребелу де Соузаны осы елдің ұлттық мерекесі – Португалия күнімен құттықтады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Президент екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген байланыстың жетістікке толы боларына сенім білдірді.
Оқи отырыңыздар:
- Тоқаев ЕҚЫҰ-ның іс басындағы төрағасы Элина Валтоненді қабылдады
- Мемлекет басшысы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Марселу Нуну Дуарте Ребелу де Соузаның жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, достас португал халқына құт-береке тіледі.

