Ақорда

Тоқаев пен Ердоған келіссөз жүргізді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Президенттер Қазақстан мен Түркия арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту перспективасын жан жақты талқылады.

Сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға баса мән берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев қонақжайлық танытқаны үшін Түркия президентіне алғыс айтты.

Режеп Тайып Ердоған екі ел арасындағы қарым-қатынасты жаңа әрі сапалы деңгейге шығаруға дайын екенін растады.