Тоқаев пен Эмомали Рахмон Тәжікстанның халық шығармашылығы көрмесін аралады
25.08.2023 23:05
Фото:
Akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Тәжікстанның халық шығармашылығы көрмесін аралап көрді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Экспозицияға тастан, ағаштан, қыштан және бағалы металдардан жасалған 200-ден астам қолөнер бұйымы, сондай-ақ дәстүрлі өрнектермен нақышталған ұлттық киімдер, белгілі тәжік суретшілерінің картиналары және Тәжікстанның көрікті жерлерінің фотосуреттері қойылған.

