Жаңалықтар

Тоқаев пен Бердімұхамедов кездесуінде қандай құжаттарға қол қойылды

Тоқаев пен Бердімұхамедов кездесуінде қандай құжаттарға қол қойылды
Фото: Ақорда 10.10.2024 17:40 1326

Келіссөздерден кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сердар Бердімұхамедов Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы достықты нығайту және көпжақты стратегиялық серіктестікті тереңдету туралы декларацияны қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сонымен қатар екі елдің делегация мүшелері үкіметаралық, ведомствоаралық және өңіраралық деңгейдегі мынадай құжаттарға қол қойды:

  1. Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы достықты нығайту және көпжақты стратегиялық серіктестікті тереңдетудің 2025 – 2027 жылдарға арналған кешенді бағдарламасы;
  2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы инвестицияларды өзара қорғау және ынталандыру туралы келісім;
  3. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы көлік, логистика және транзит саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім;
  4. 1997 жылғы 27 ақпанда жасалған Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы Жолаушылар мен жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдау туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама;
  5. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы қылмысқа қарсы күрес бойынша ынтымақтастық туралы келісім;
  6. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Түрікменстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі арасындағы өсімдіктер карантині саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
  7. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі мен Түрікменстанның Мәдениет министрлігі арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
  8. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Түрікменстанның Министрлер кабинеті жанындағы Бас архив басқармасы арасындағы архив ісі бойынша ынтымақтастық туралы келісім;
  9. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Түрікменстанның Қаржы және экономика министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

10. Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі мен Түркіменстанның Министрлер кабинеті жанындағы Көлік және коммуникация агенттігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға