Жаңалықтар

Тоқаев Өзбекстанның «HIVA GILAMLARI» кілем тоқу фабрикасына барды

Тоқаев Өзбекстанның «HIVA GILAMLARI» кілем тоқу фабрикасына барды
Фото: t.me/aqorda_resmi 05.04.2024 15:31 1319

Қасым-Жомарт Тоқаев Хиуа қаласына жұмыс сапары барысында Президент Шавкат Мирзиёевпен бірге Өзбекстан жеңіл өнеркәсібіндегі үлгілі кәсіпорындардың бірі саналатын «HIVA GILAMLARI» кілем тоқу фабрикасын аралап көрді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Іргесі 1977 жылы қаланған кәсіпорынға жаңа инвестор толықтай реконструкция жасаған. Мұнда жылына 4,2 миллион шаршы метр кілем тоқитын төрт цех жұмыс істейді.

Мемлекеттер басшыларына акрилден иірілген жіп өндіру цехы, кілем тоқу цехтары және дайын кілем үлгілерінің шоу-румы көрсетілді.

Кәсіпорын директоры Камол Абдуллаевтың айтуынша, фабрика кілемдері ішкі нарыққа сатылады, сондай-ақ ТМД елдеріне, ҚХР мен АҚШ-қа экспортқа шығарылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға