Тоқаев Өзбекстанның әлем чемпионатына жолдама алуын тарихи жетістік деп атады
18.06.2025 10:25
Фото:
Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевті ұлттық құраманың футболдан әлем чемпионатына жолдама алуымен құттықтады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Тоқаев «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысуға келген әріптесін құттықтауын жеткізіп, мұны тарихи оқиға деп атады.
Сіздерді спорт саласындағы тарихи жеңіспен – ұлттық құраманың футболдан 2026 жылы өтетін әлем чемпионатына өткенімен шын жүректен құттықтағым келеді. Бұл – өзбек футболы үшін үлкен жетістік. Сіздер үшін қуаныштымыз және әлем чемпионатында жанкүйер боламыз, - деді президент.
Өзбекстан өз тарихында әлем чемпионатына алғаш рет жолдама алып отыр.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

