Жаңалықтар

Тоқаев Өзбекстан президентін Ақордада қарсы алды

Тоқаев Өзбекстан президентін Ақордада қарсы алды
Фото: Ақорда 08.08.2024 11:08 396

Ақордада Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиёевты қарсы алу шарасы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен келген Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиёевты Ақордада қарсы алды.

Содан кейін екі ел басшылары ресми делегациялардың құрамын таныстырды.

Тоқаев Өзбекстан президентін Ақордада қарсы алды

сурет: Ақорда 

Салтанатты рәсімдер залында құрмет қарауылы сап түзеп, оның бастығы мемлекет басшыларына сәлемдік баянат берді.

Тоқаев Өзбекстан президентін Ақордада қарсы алды

Тоқаев Өзбекстан президентін Ақордада қарсы алды

суреттер: Ақорда 

Кейін Президенттік оркестр екі елдің мемлекеттік гимнін орындады. Одан кейін президенттер отырыс залына қарай бағыт алды.

Тоқаев Өзбекстан президентін Ақордада қарсы алды

Тоқаев Өзбекстан президентін Ақордада қарсы алды

суреттер: Ақорда 

Мемлекеттік сапар аясында бірнеше маңызды құжатқа қол қою жоспарланған.

Айта кетейік, кеше Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевті елорда әуежайында қарсы алды. Мирзиёев 9 тамыз күні Астанада өтетін «Орталық Азия+Жапония» Диалогының бірінші саммитіне қатысады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға