Мемлекет басшысы князь II Альберді Монаконың Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан президенті Монаконың орнықты даму, қоршаған ортаны қорғау және барша адамзат үшін қауіпсіз келешекті қамтамасыз ету ісінде үлкен күш-жігер жұмсап келе жатқанын атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Монако арасындағы достыққа негізделген ынтымақтастық алдағы уақытта да қос халықтың игілігі жолында нығая беретініне сенім білдірді.
Мемлекет басшысы князь II Альберге және Монако халқына бақ-береке тіледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Іле ауданына жаңа әкім тағайындалды