facebook.com/Берік Уәли

Тоқаев мәслихаттар депутаттарының форумына қатысады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәслихаттар депутаттарының форумына қатысады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Форум «AMANAT» партиясының бастамасымен өтеді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «AMANAT» партиясының бастамасымен өтетін барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының форумына қатысады, - деп жазды Уәли.