Тоқаев Люксембургтің жаңа Ұлы Герцогы Гийомды таққа отыруымен құттықтады
04.10.2025 19:40
Фото:
Ақорда
Мемлекет басшысы Люксембургтің жаңа Ұлы Герцогы Гийомға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қасым-Жомарт Тоқаев Люксембургтің жаңа Ұлы Герцогы Гийомды таққа отыруымен құттықтады.
Қазақстан Люксембургпен арадағы достыққа, өзара құрметке негізделген ұзақ мерзімді серіктестікті жоғары бағалайды. Сізбен осы нәтижелі ынтымақтастықты одан әрі нығайтып, халықтарымыздың игілігі жолында екіжақты ықпалдастықтың тың мүмкіндіктеріне жол ашатынымызға сенімдімін, – делінген жеделхатта.
Сондай-ақ Президент Жоғары Мәртебелі Король Анридің Ұлы Герцог ретінде атқарған жауапты мемлекеттік қызметін аяқтауына байланысты ілтипат білдіріп, тілектестігін жеткізді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

