Жаңалықтар

Тоқаев күштік құрылым басшыларының орынбасарларын қабылдады

Тоқаев күштік құрылым басшыларының орынбасарларын қабылдады
Фото: Ақорда 19.09.2024 17:33 172

Мемлекет басшысы күштік құрылым басшыларының жаңадан тағайындалған орынбасарларын қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары Әли Алтынбаевты, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметтің бастығы Бақытбек Рахымбердиев пен ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның бас қолбасшысы Аңсаған Балтабековті қабылдады.

Кездесуде мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған лауазымды тұлғаларға тиісті ведомстволарда өздері жетекшілік ететін бағыттар бойынша бірқатар тапсырма берді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға