Тоқаев Корея президентіне құрмет көрсетіп, шығарып салды
Ақмарал Ағзамқызы El.kz тілшісі
13.06.2024 13:00
Фото:
t.me/aqorda_resmi
Корея Республикасының президенті Юн Сок Ёльдің Қазақстанға мемлекеттік сапары аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапары аяқталған Корея Республикасының президенті Юн Сок Ёльге құрмет көрсетіп, елорда әуежайынан шығарып салды.

