Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтап, оған зор денсаулық және аса жауапты қызметіне табыс тіледі.
Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Әзербайжан президенттері екі ел халықтары арасындағы достық қатынастар мен дәстүрлі бауырластық байланыстарға көңілдері толатынын айтты, - делінген баспасөз хабарламасында.
Мемлекеттер басшылары Әзербайжан Президентінің Қазақстанға сапары кезінде және биыл қараша айында Бакуде өткен СПЕКА саммиті аясында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелеріне назар аударды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

