Жаңалықтар

Тоқаев Хорватия премьер-министрімен виза режимін оңтайландыру мәселесін талқылады

Тоқаев Хорватия премьер-министрімен виза режимін оңтайландыру мәселесін талқылады
Фото: Ақорда 13.11.2024 16:00 925

Мемлекет басшысы Хорватия премьер-министрі Андрей Пленковичпен кездесіп, Хорватияны Қазақстанның Еуропа одағындағы сенімді серіктесі ретінде атап өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Андрей Пленкович екіжақты қарым-қатынасты, соның ішінде сауда-экономика, инвестиция және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықтың қазіргі жай-күйін талқылады.

Кездесуде энергетика секторындағы бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға баса назар аударылды. Мемлекет басшысы Қазақстанда жұмыс істеп жатқан хорватиялық компанияларға қолдау білдірді. Бұдан бөлек, виза режимін оңтайландыру мәселесі қарастырылды.

Орайлы сәтті пайдалана отырып, Қасым-Жомарт Тоқаев Хорватия премьер-министрін келесі жылы өтетін Астана халықаралық форумына шақырды. Ал Андрей Пленкович Қазақстан Президентіне Хорватияға сапармен келуге ұсыныс білдірді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға