Жаңалықтар

Тоқаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрін қабылдады

Тоқаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрін қабылдады
Фото: Ақорда 25.11.2024 15:36 416

Президент Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованы қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Светлана Жақыпова еліміздегі әлеумет және еңбек салаларын дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың есебі мен алдағы жоспары жөнінде ақпарат берді:

– атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдерін ұсынды. Бұл шаралар әлеуметтік қолдаудың тиімділігін арттырып, көмектің тиісті азаматтарға дәл жетуін көздейді;

– 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында жан басына шаққандағы қаржыландыруды лицензиялау жүйесі енгізіледі. Бұл мақсатта кәсіби стандарттар мен оқыту модульдері әзірленген; – 2030 жылға дейінгі инклюзивті саясат тұжырымдамасы аясында мүгедектіктің әлеуметтік-құқықтық қорғау моделіне көшу енгізіліп жатыр; Тоқаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрін қабылдадыхалықты жұмыспен қамтуға бағытталған шаралар жөнінде баяндады:

– биыл 804 мыңнан астам адам жұмысқа орналасқан. Олардың ішінде 200 мыңнан астамы жастар. Ал 9 мыңға жуық азамат, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналары бизнес идеяларын жүзеге асыру үшін грант алған;

Министр сапалы жоспарлау мен мемлекеттік инвестициялардың тиімділігін арттыру мақсатында әзірленген «Жобалардың инновациялық навигаторы» қанатқақты жобасы туралы айтты:

– аталған жүйе мамандарға деген сұранысты талдап, болжайды, сондай-ақ жобалардың тиімділігіне мониторинг жасап, сапасын қадағалайды және үйлестіруді қамтамасыз етеді;

– платформа қазірдің өзінде жалпы құны 33 триллион теңге болатын 755 инвестициялық жобаны сүйемелдеп отыр. Оны жүзеге асыру аясында 150 мыңға дейін жұмыс орнын құру жоспарланған;

– навигатор қажетті еңбек ресурстары жоқ жауапсыз мердігерлерді анықтауға да мүмкіндік береді;

Сонымен қатар, еңбек жанжалдарының алдын алуға көмектесетін Еңбек тәуекелдерінің цифрлық картасының жұмысына тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік саясатты жетілдіру және әлеуметтік және еңбек салаларындағы шаралардың тиімділігін арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға